Негізгі мазмұнға өту

Дастархан

Қазақта қанға сіңген жомарттылық, Әр елде бола бермес мұндай қылық. Қонақ келсе, қазақта той жасайды, Қонағына тосады қолдан жырып.

Қонаққа ақ дастархан жайылады, Қонақжай әрбір қазақ шаңырағы. Қымызы, наны, тұзы және майы — Барлығы дастарханнан табылады.

Қонаққа шай құяды келіндері, Қып-қызыл шиедей боп еріндері. Ақ дастархан, ақ бата тілеп жатса, Ақ болғаны қазағымның пейілдері.