Перейти к содержанию

Көктем

Перевода этого стихотворения пока нет — показан оригинал на казахском языке.

Күні кеше ақ қар басқан ой мен қыр, Жап-жасыл боп жайқалды, шығып гүл. Көктем келіп, бозторғайлар шырылдап, Күлімдейді күн де көктен төгіп нұр.

«Уф!» – өттеді анда-санда самал жел, Күн нұрына буланады өзен, көл. Сай-салаға сулар толар көктемде, Жауғандай-ақ жаңа ғана бейне сол.

Төбемізден қайтқан құстар өтеді, Бұл көктем де оралмасқа кетеді. Алдау үшін күнде әдемі нұр төгіп, Табиғатым, алдама енді, жетеді.

Соншалықты сұлу мезгіл – бұл көктем, Қырлар жатыр әне жайнап, жайқалып. Табиғатым өз қолымен гүл сепкен.