Перейти к содержанию

Жылу іздеймін адамдардың көзінен

Перевода этого стихотворения пока нет — показан оригинал на казахском языке.

Жылу іздеймін адамдардың көзінен, Мынау суық бейнелерден безінемін. Уа, ағайын, қайда кеткен жылуың? Мен де өзімді суынғандай сезінемін. Қайда кеткен жүректер жылу шашқан? Жаралған ба, әлде олар суық тастан? Күні кеше бозторғайлар ән салатын, Күңгірт тартып қалыпты-ау мөлдір аспан. Ызғар шашқан көздер толы айналам, Қайда кеткен күннің көзі жайнаған? О, Жаратқан, мейірімнен айырсаң, Мына мен де айуанға айналам.