Skip to content

Ауылым

There is no translation of this poem yet — the Kazakh original is shown.

Қасиетті мекенім, Арасын тау етегі. Гүлжазира жастығым Сенде шалқып өтеді.

Күн нұрына шағылып, Ала-көлім жарқырар. Асау, тентек Ақ тұма Таң алдында сарқырар.

Аспанға атып толқынын, Маңғазданса Ала-көл, Гүлден моншақ тағылып, Құлпырады дала, бел.

Жерге көрік береді Себелеген жауыны. Жер ұйығы секілді Туып-өскен ауылым.