Skip to content

Наурыз таңы

There is no translation of this poem yet — the Kazakh original is shown.

Наурыз таңы… Наурыздың мақпал самалы Еседі тынбай, қанатын нәзік қағады. Тау жақтан ерте жібектей ескен самал жел — Көктемнің жеткен ең алғашқы хабары.

Наурыз таңы… Наурыздың мақпал самалы Аймалай соғып, жүректі тербеп барады. Көкжиек жақтан сағымдар көзге шалынса, Тыныстап, терек, қайыңдар жай табады.

Наурыз таңы… Наурыздың мақпал самалы — Күн — аспанның жылуын төккен жанары. Аяздың бітіп қаһары менен амалы, Күн нұрынан болды да ауыр жаралы Қыс батырдың қалды бір күйреген қамалы. Еседі тынбай, Наурыздың майда самалы.