Skip to content

Қыз-қызғалдақ

There is no translation of this poem yet — the Kazakh original is shown.

Қыз-қызғалдақ, Белі нәзік — сабағы. Жарық жұлдыз-шоқтай екі жанары, Қос бұрымы — таудан аққан қос өзен. Тамшылардан сыңғыр шолпы тағады.

Қыз-қызғалдақ, Алақаны — жапырақ, Қолын бұлғап, сұлулыққа шақырат. Сыңғырлаған шолпысы мен сырғасы Ай жүзіне жарасады, жарқырап.

Қыз-қызғалдақ, Аққан бұлақ — күлкісі, Арайлаған таң шапағы — түр-түсті. Жетті бізге қойнауынан ғасырлар, Сұлулықтың символындай үкісі.