Даладағы ой
Таныс дала, бала күнгі таныс үн. Танып тұрмын мына судың ағысын. Келсем осы кең далаға сағынып, Еске түсер балдәуренді бала күн.
Желдің үні – бала кезгі сырласым, Таңғы самал сырымды әлі тыңдасын. Мына жолда өсіп қапты жайқалып Бала кезден бірге өскен құрдасым.
Мынау ай да – сол баяғы нұр шашқан, Түндерде маған толықсып талай сыр ашқан. Тырналар өтсе, қараушы едім қызығып, Сол тырналар… мынау да сол нұрлы аспан.
Мынау сол таң – рауанданып ататын, Мынау сол кеш – қызарып күн бататын. Көбелектер қуғанда біз жүгіріп, Осы дала осылайша жататын.