Негізгі мазмұнға өту

Анам менің!

Ұйқысыз өткен түндерің үшін қарызбын. Жыласам мен, тәтті ұйқыңды сан бұздың. Ауыра қалсам, Жаратқанға жалындың, Жалбарындың, көзіңнен жас ағыздың.

Анам менің! Ақ сүтіңнен нәр алдым. Ежелден-ақ «қасиетті» саналдың. Бұл жалғанда өзің үшін емес сен, Балдай тәтті балаң үшін жаралдың.

Асыл ана! Табынбайды кім саған, Алақанның маңдайымнан сипаған. Мамықтан да жұмсақ сынды мен үшін, «Әлдиіңнен» ұлы әуен, сыр табам.

Мәз болушы ең, былдырласа бөбегің, Тәй-тәй десең, сәбише әлі еркемін. Мен анамның мейірінен нәр алып, Болашаққа алшаң басып келемін.