Негізгі мазмұнға өту

Қарындасым

Ноталары мен аудиосы бар

Қарындасым, көктемменен бір туған, Айналайын, көздеріңнен нұр тұнған. Сені көрсем, ораламын сол жаққа, Қырға шығып, көбелекті көп қуған.

Кез еді ол, ештеңені сезбеген, Алыс кетіп, елді-мекен кезбеген. Ауылымнан кетерімде жасыл қыр: «Айналайын, көп кешікпей кел», — деген.

Келдім міне, алып-ұшып жүрегім, Сағындың ғой, сен де мені, білемін. Қу! Қуа ғой, қарындасым, көбелек, Сен мәз болсаң, мен де бірге күлемін.

Жүгірсең сен, желп-желп етіп бұрымың, Ойға аламын қырдың асау құлынын. Жер-ананың сен балауса еркесі, Сағынып кеткен мен де қырдың ұлымын.

Туған жердің бір тал гүлін қолға алып, Жүріп келем болашаққа жол алып. Көз алдымнан сендей сәби кездерім Бара жатыр сағымдай боп жоғалып.

Қара көз қарындасым
Сөзі: Тұрлыбеков Амантай · Әні: Тұрлыбеков Амантай
Ноталар жүктелуде…
Тональдық 0Жазба жоқ — ноталар синтезатормен ойналады.